top of page

ТАПСЫРМАЛАР

Адамның құндылық бағдарының қалыптасу кезеңдерінің А. Байтұрсынұлы  теориясымен сәйкестігі жайлы ойланып көріңіз. 

Абай Құнанбайұлының 31-қарасөзінде айтылған естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себептің оқушының жан қуатының қызметімен байланысы жайлы ойланып көріңіз. Бүгінгі психология ғылымы бұны қалай түсіндіретінін әріптесіңізбен талқылаңыз.

Тіл экософиясына қатысты берілген Ж. Дәулетбекова ұсынған кестені кеңейтіп, «Сөз – құндылық», «Сөз – өмір», «Сөз – әлем», «Сөз – адам», «Сөз – қарым-қатынас», Сөз – ғылым», «Сөз – даналық», «Сөз – мәдениет», «Сөз – сезім» ұғымдарына сәйкес келетін мақал-мәтел, қанатты сөздер жинақтап алыңыз. Оқушыға түсіндіру әдістерін әріптесіңізбен ақылдасыңыз.

Tilqural.kz сайтындағы аудиоматериал бойынша тыңдалым тапсырмасын орындату оқушының қандай құзыреттіліктерін дамытуға әсер етуі мүмкін деп ойлайсыз? 

Абайдың он төртінші қарасөзінен алынған үзіндіні қазақ тілін құндылық бағдарлы оқыту әдістемесімен байланыстырып, тұжырым жасап көріңіз.

ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТАПСЫРМАЛАР 

1. МӘТІН МАЗМҰНЫН ТАНУ

​

қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптардағы монолог, диалог, полилог мәтіндерді сөйлеушінің сөйлеу мәдениетіне, тіл байлығына, назар аудара отырып тыңдайды, орфоэпиялық нормаға сай, стильдік, жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес оқиды,  көтерілген мәселені, негізгі, қосымша,  детальді ақпаратты, астарлы ойды, тірек сөздерін, құндылық мәнін анықтайды, өмірлік мәселелер мен байланыстырып, сыни пікір білдіру, жетелеуші сұрақтар қою

2. МӘТІН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАНУ

ресми хабарлама/ сын-пікір/ ғылыми баяндама мәтіндерінің құрылымдық-мазмұндық бөліктеріне талдау жасау

3. МӘТІН ТІЛІН ТАНУ

тыңдалған/оқылған мәтін тіліне кешенді талдау жасайды, мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын болжайды, сөздіктер арқылы нақтылайды, мәтіннің құрылымдық- мазмұндық бөліктерін байланыстырушы тілдік бірліктердің қызметін анықтау; мәтін мазмұнындағы мезгілдік, мекендік, мақсаттық, себеп-салдарлық, шарттық, салыстырмалы, қарсылықты, түсіндірмелі, байланыстарды анықтау

bottom of page